Республика күні мерекесі қарсаңында Атбасар қаласындағы №4 жалпы білім беретін мектепте білім бөліміне қарасты ұйымдарда ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлерді құттықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

21.10.2026

Іс-шараның басты мақсаты – білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан ардагер қызметкерлерге құрмет көрсету, олардың адал еңбегін бағалап, мерекелік көңіл күй сыйлау. Еңбек ардагерлеріне ізгі тілектер айтылып, олардың жылдар бойы атқарған еңбектеріне алғыс білдірілді. Ұрпақ тәрбиесі мен білім беру саласына сіңірген еңбектері әрдайым құрметке лайық. Барша еңбек ардагерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз! Республика күні құтты болсын!

Просмотров: 103


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу