Музыка мектебіндегі дайындық курстары өз жұмысын жалғастыруда! Балалардың музыкалық қабілетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында дайындық курстарында жүйелі сабақтар жүргізілуде. Балалар музыка әлеміне алғашқы қадамдарын жасап, музыкалық сауаттылықтарын жетілдіруде. Ұстаздардың кәсіби бағыт-бағдары мен жылы қарым-қатынасы әр баланың шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді.